Мұнай бағасын ұстап тұру үшін ОПЕК+ өндірісті шектейді

28 мамыр күні ОПЕК+ альянсы онлайн форматта кезекті министрлік кездесуін өткізіп, 2024 жылдың желтоқсан айында бекітілген мұнай өндіру деңгейін сақтап қалу туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шешім мұнай нарығындағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында қабылданды.
2024 жылдың соңында ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді тәулігіне шамамен 2 млн баррельге қысқарту туралы келісімге келген еді.
Бұл шектеу 2026 жылдың соңына дейін сақталады. Сонымен қатар, Ресей мен Сауд Арабиясы осы кезең ішінде қосымша 1,66 млн баррельге дейін өндірісті ерікті түрде қысқартуға келісті.
2027 жылға базалық деңгейлерді есептеу басталды
ОПЕК+ елдері 28 мамырдағы жиында ұйымның хатшылығына әр елдің тұрақты өндірістік қуатын бағалауды тапсырды. Бұл 2027 жылдан бастап қолданылатын жаңа квота жүйесін анықтау үшін қажет.
Айта кетейік, ОПЕК құрамында қазіргі уақытта 12 мемлекет бар. Алайда Иран, Ливия және Венесуэлаға өндіріс квоталары қолданылмайды, бірақ олар келісім бойынша дауыс береді.
Бұған дейін ұйым мұнай өндірісі арттырған бірнеше елге ескерту жасаған еді. Олардың қатарында Қазақстанда бар.