Екі бағыт бойынша жаңа электр пойызы іске қосылады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Екі бағыт бойынша жаңа электр пойызы іске қосылады
Екі бағыт бойынша жаңа электр пойызы іске қосылады/Фото: Қазақстан темір жолы

Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов алдағы уақытта екі электр пойызы іске қосылатынын мәлім етті.

Оның сөзінше, 2025 жылғы шілде айынан бастап Қарағанды мен Астана арасында 567 орынға есептелген жүрдек электр пойызы қатынай бастайды.

Ал күзде Астана – Бурабай курорттық аймағы бағыты бойынша кезекті жаңа электр пойызы жүреді. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат, пойыздың сыйымдылығы – 360 жолаушы.

Сондай-ақ ол биыл 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланып отырғанын айтты.

«Осы кезге дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Жәнібек Тайжанов сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты вагондарды шығаруға кірісетінін жеткізді.

Бұған дейін, жазғы демалыс маусымында Балқаш курорттық аймағына қосымша пойыздар жолға шығатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз