Мамырда инфляция 11,3%-ды құрады

Жарияланды 2 Маусым 2025 17:38

(жаңартылды 3 Маусым 2025 09:09)
Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Меруерт Махмұтова
Фото: ашық дереккөзден

Мамырда жылдық инфляция 11,3%-ға жетті. Сәуірмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,9%-ға артқан деп жазылған Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Ақылы қызметтер бағасы 16%, азық-түлік тауарлар 9,6%, азық-түлік емес тауарлар 9%-ға қымбаттады. Бір ай ішінде лимон 9,1%, алма 6,1%, алмұрт 5,2%, жүзім 5,1%-ға өскен. Ал қияр 37,1%, қызанақ 19,8%, қырыққабат 7,7%, банан 5,7%, жұмыртқа 2,4%-ға арзандаған.

Сондай-ақ алтын сақина бағасы 4,6%, құрылыс материалдары 1,1%, киім мен аяқ киімге, жеке пайдалануға арналған тауарлар бағасының әрқайсысы 0,8%-ға қымбаттаған.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі 4,2%, су бұруға – 1,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 1,5%, электр энергиясына – 1,4% өсті. Теміржол көлігінің қызметі 2,1%, санаторийлер қызметі 2% қымбаттаған.

Өңірлер арасында ең төменгі айлық инфляция Қарағанды облысында – 0,2%, Астана қаласында – 0,3%, Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарында тіркелді (әрқайсысында 0,6%).

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Жылдық мәнде қарақұмық жармасының бағасы 12% төмендеді, күріш – 8,3%, тәтті бұрыш – 5,5%, қияр – 2,6%, кептірілген өрік 2,5% арзандады.

Шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 14,6%, шипажайлардың қызметі 14,4% өсті. Ноутбуктің бағасы 46,5%, алтын сақина 35,6% , планшет бағасы 31,9% өсті.

Еске салайық, бүгін мәжіліс депутаты Татьяна Савельева Ұлттық статистика бюросының жұмысын сынға алды. Депутат статистика бюросы ұсынған «негізгі көрсеткіштер әдістемелік жағынан бұрмаланған, бағдар беруші қызметін атқармайды» деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз