ҚМДБ құрбан айт намазының уақытын жариялады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2025 жылғы Құрбан айт мейрамында оқылатын айт намазының уақытын жариялады. Биылғы мереке 6 маусым күні басталады. Осыған байланысты еліміздің барлық өңіріндегі жамағат үшін айт намазының нақты уақыты бекітілді.
Құрбан айт намазы еліміздің басым бөлігінде таңғы сағат 06:00-де оқылады. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарының тұрғындары дәл осы уақытта намазға жығылады.
Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында сағат 06:30 да оқылады.
Ең кеш уақыт – 07:00. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін Құрбан айт намазы осы уақытта басталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМДБ Құрбaн айт қарсаңында арнайы сайтты іске қосқан еді. Сайт арқылы құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге болады.