Түркияда толассыз жауған жаңбырдан Трабзон қаласын су басты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Су тасқынына дайындық
Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Түркияның Трабзон қаласын су басты /Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Түркияның Трабзон қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді су басты. Бір адамның із-түссіз жоғалғаны хабарланады. Бұл туралы Haber Global басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, табиғи апат салдарынан қала көшелерін, жертөлелер мен бірінші қабатта орналасқан үй-жайларды, кеңселерді су басқан.

Көліктер судан жүре алмай, азаматтар құтқарушылар көмегімен шығарылған. Басылым Хусейн Айдын есімді 72 жастағы қарттың із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлайды. Суға ағып кеткен қарияны қаланың құтқарушылары іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз