Құрбан айт: ең арзан қой қай өңірде

ҚМДМ құрбан айтқа орай, құрбан шалуға тапсырыс беріп, оны бақылауға болатын арнайы сайтты іске қосты. Соның негізінде өңірлер бойынша қой бағасына шолу жасап көрдік.
Ең қымбат қой
Құрбандыққа арналған ең қымбат қой оңтүстік облыстарда. Шымкент қаласы, Түркістан мен Қызылорда облыстарында қой бағасы 100 мың теңгеден сатылып жатыр.
Мұнан кейін тізімде Жамбыл облысы жайғасқан. Онда құрбандық малы 5 мың теңгеге арзан, анығын айтқанда 95 мың теңге.
Атырау облысында мүфтият ұсынған баға бойынша қойды 90 мың теңгеге сатып алуға болады.
Ең жиі кездесетін баға
6 өңірде қой бір бағада – 85 мың теңгеден сатылып жатыр. Олардың қатарында Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау облыстары бар.
Одан бөлек Ұлытау, Жетісу, Қарағанды облыстары мен СҚО және БҚО-да қой бағасына 80 мың теңге деген баға бекітілген.
Ең арзан баға
Құрбан шалуға арналған қойлардың ең арзаны Солтүстік Қазақстан облысында. Онда бір қойдың бағасы 70 мың теңге деп белгіленген. Құрбандық малын 75 мың теңгеден сатып жатқан Абай мен Павлодар облыстары да қой бағасы ең арзан аймақтар қатарында.
Құрбан айт мейрамы биыл 6, 7 және 8 маусым күндеріне сәйкес келеді.
Құрбан айт қарсаңында өткен брифингте Алматы орталық мешітінің наиб-имамы «несие алып құрбан шалуға бола ма» деген сұраққа жауап берген.