Батыс Қазақстанда жер үй өртеніп, бір үйдің бес баласы қаза тапты

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
скорая помощь
Қаза тапқан балалардың ең үлкені бес жаста болған / фото: shutterstock

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында шағын үй өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза тапты. Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Мекеменің мәліметінше, ауылдағы жекеменшік үйлердің бірі өртеніп жатқаны туралы мәлімет 4 маусымда күндіз түскен. Өрт сөндірушілер ол жерге бес минутта жеткенін айтты.

«Құтқарушылар ес-түссіз бес баланы алып шықты. Өкінішке қарай, олар ауруханада қайтыс болды», – деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.

Мәліметтерге қарағанда, олардың бәрі бір отбасының балалары. Қаза тапқандардың ең үлкені бес жаста болған.

Жергілікті «Мой город» басылымының мәліметінше, бұл отбасы жалдамалы үйде тұрған. Әкесі — жергілікті Мәдениет үйінде, ал анасы дүкенде істейді. Үй өртенген уақытта екеуі де жұмыста болған.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз