Батыс Қазақстанда құлаған дрондар Ресейге тиесілі – Қорғаныс министрлігі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Батыс Қазақстанға тағы бір дрон құлады
Батыс Қазақстан облысына бірнеше рет Ресей дроны құлаған болатын / Фото: kursiv.media архив

Батыс Қазақстан облысында құлаған ұшқышсыз аппараттар Ресейге тиесілі. Бұл туралы Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов айтты.

«Батыс Қазақстан облысының территориясынан табылған ұшқышсыз апараттардың 90%-ы шекара маңында орналасқан Ресейдің 926-шы ұшыру сынақ полигонына тиесілі. Бұл солардың полигоны және оның әуе кеңістігі саналады», – деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Қазақстан аумағына дрондар қашан құлай бастады?

Қазақстанға Ресей дроны алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында құлады. Дронды БҚО-ның Бөкейорда ауданы, Ұялы ауылының тұрғындары тауып алған. Сол кезде бұл құрылғының Ресейдің «Орлан-10» дронына және, Францияның «Crecerelle» дронына ұқсатқан болатын.

Екінші дрон наурыздың 18-і күні құлады. Бұл жолғы дрон БҚО-ның тасқала ауданына құлаған. Аппараттың Ресейге тиесілі екенін анық еді. Бұл апараттан «Герань» деген жазу табылған. Ресей Украинаны атқылап жатқан Иранның әскери Shahed дрондарына осындай атау берген.

Үшінші дрон БҚО-ның Жәнібек ауылына құлады. Облыс әкімдігі Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Төртінші жағдай да наурызда болды. Жәнібек ауданынан ұшқышсыз құрылғы табылғанын БҚО полиция департаменті хабарлап, тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ресей дрондары елдімекенге жақын жерлерге құлаған.

Сондай-ақ оқыңыз