Жетісуда мас жүргізуші өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды
Жарияланды

Жетісу облысы, Алакөл ауданында бұған дейін көлік басқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырылған азамат қайтадан мас күйінде көлік тізгіндеген. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.
Қоғам алдында өткен сот отырысында айыпталушы кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылу жазасы тағайындалды.
Аталған шешім — Жетісу облысы прокуратурасының жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізуге жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.