Roland Garros 2025: Финалда кімдер ойнайды

7 маусым күні Парижде өтіп жатқан Roland Garros 2025 турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сындағы финалы өтеді. Бұл матчта әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко (Беларусь) мен екінші орындағы америкалық Кори Гауфф чемпиондық атақ үшін таласады. Кездесу сағат 18:00-де басталады деп жоспарланған.
Данилина мен Крунич жұптық сында финалға шығады
8 маусымда Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесі Александра Круничпен бірге әйелдер арасындағы жұптық финалда өнер көрсетеді. Олар Италиядан келген Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге қарсы ойнайды. Матч сағат 14:00-де басталады.
Қазақстандық теннис жанкүйерлері үшін бұл кездесу ерекше маңызға ие. Данилина бұған дейін де «Үлкен дулыға» турнирінің финалында ойнаған тәжірибелі спортшы.
Синнер мен Алькарас: ерлер финалындағы алыптар айқасы
Сол күні, яғни 8 маусымда, ерлер арасындағы жекелей сындағы финалда Янник Синнер (Италия, ATP №1) мен Карлос Алькарас (Испания, өткен жылғы чемпион) кортқа шығады. Матчт сағат 18:00 де басталады.
Синнер бұл турнирде әзірге бірде-бір сет жоғалтпады, оның ішінде Новак Джоковичке қарсы жартылай финалдағы жеңісі ерекше атап өтуге тұрарлық. Ал Алькарас бұл турнирде бірнеше сетті қарсыластарына берсе де, өзінің мықты ойын өрнегімен ерекшеленіп келеді. Бұған дейінгі жеке кездесулерінде Алькарас 11 матчтың жетеуінде жеңіске жеткен.
Еске сала кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик осы турнирде финалға шыққан Янник Синнерге жол берді.