Тоқаев Қорғаныс министрін ауыстырды
Жарияланды

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Қосанов қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ бұған дейін бұл қызметті атқарған Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Руслан Жақсылықов бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған. Оған дейін Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болған.