Сарыағашта жасөспірім 3 жастағы қызды әжетхана шұңқырына тастап жіберген

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шизофрения диагнозы қойылған бала қылмыстық жауапкершіліктен босатылды/фото: shutterstock

Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірім қыз адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айыпталды. Соттың хабарлауынша, оқиға Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында болған.

2024 жылдың 16 мамырында жасөспірім таңертең жер үйінің ауласында 3 жастағы қызды әжетхана шұңқырына тастап, оны қасақана өлтірген.

Сол жылдың 13 шілдесінде кешкі уақытта басқа көрші үйдің 2019 жылы туған (оқиға болған кезде 5 жаста) қызды өлтірмек болған. Бұл әрекетін жүзеге асыра алмаған.

Соттың психиатриялық-психологиялық сараптамасына сай ол «шизофрения симптомдары қабаттасқан жіті полиморфты психоздық бұзылу» түріндегі созылмалы психикалық аурумен ауырады.

Істі қараған сот қылмыстық кодекстің 16-бабын – психологиялық ауру кезінде қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтынын ескерді. Осылайша жасөспірім қоғамға қауіпті іс-әрекетті ақыл-есі дұрыс емес күйде жасаған деп танылып, қылмыстық жауаптан босатылды.

Оған психиатриялық станционарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыз