Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
Алматы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды/Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ерлан Исабеков Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Исабеков әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және «Болашақ» бағдарламасы аясында АҚШ-тағы Джорджтаун университетін тәмәмдаған. Қолданбалы математика және экономика мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы №131 мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2000–2002 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2002–2008 жылдары Кедендік бақылау комитетінде жұмыс істеді.
2009–2015 жылдары Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық қызметтерде болды.
2015–2018 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде инспектор қызметін атқарды.
2018–2023 жылдары Ақмола облысындағы Егіндікөл ауданының, кейін Жетісу облысындағы Қаратал ауданының әкімі болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Президент Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған.

Жаңа әкімнің келуімен Алматы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Бұған дейін, Ильзат Акчурин Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалған.

Сондай-ақ оқыңыз