ҰБТ аралық нәтижесі: талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде тапсырды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
ҰБТ-ның аралық нәтижесі: Талапкерлердің 74% қазақ тілінде, 26% орыс тілінде тапсырды
ҰБТ-ның аралық нәтижесі: Талапкерлердің 74% қазақ тілінде, 26% орыс тілінде тапсырды/Фото: Testcenter.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші аптасының қорытындысы шықты. 16 мамырдан бері 164 мыңнан астам тестілеу өткізілген.

Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 136 адам ағылшын тілінде тапсырген.

Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 65-ті құраған.

Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18%-ы «Математика-Физика», 15%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырған. 14%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер арасында ҰБТ-ға 477 талапкер қатысқан.

ҰБТ-ны өткізудің үш аптасында 206 ереже бұзушылық анықталған. 98 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Тағы 108 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталмаған.

Тестілеуге қатысуға 216 мың талапкерден 399 мыңға жуық өтініш келіп түскен.

Бұған дейін, шығармашылық емтихан тапсыратын күн белгіленген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз