Twix жарнамасына тыйым салынды

Ұлыбританияда Twix жарнамасын телеарналардан көрсетуге тыйым салынды. Бұған себеп – «қауіпті көлік жүргізуді насихаттау».
BBC ақпаратына қарағанда, жарнамада ер адам шашын желге жайып, қатты жылдамдықпен көлік жүргізеді. Соңында Twix батонына ұқсас екі бірдей көлік бір-біріне қысылып қалады.
Бұл көрініс көрермендердің наразылығын тудырған. Жарнамаға бес шағым түсіпті. Сондықтан «жауапсыз әрі қауіпсіздік талаптарына сай емес көрініс» ретінде бағаланып отыр.
Mars-Wrigley компаниясы жарнаманың кинематографиялық стильде және шынайылықтан алыс, «ойдан шығарылған» әлемде түсірілгенін мәлімдеді. Оларды Clearcast – Ұлыбританиядағы жарнама мақұлдаушы ұйым да қолдады. Бірақ ASA – Жарнама стандарттары агенттігі оның эфирге шығуына тыйым салды.
ASA мәлімдемесінде «жарнамада жоғары жылдамдық, шұғыл бұрылыстар мен көлік іздері, сондай-ақ қауіпті айдау стилі» насихатталғаны айтылды. Олардың пікірінше, мұндай көріністер жол қозғалысы ережелеріне қайшы.
Айта кететін жайт, сарапшылар қазақстандық жарнамашыларға хакерлерден қалай қорғану керек екенін айтты.