Балаларына 6 миллион теңге қарызы бар маңғыстаулық сотталып кетті

Маңғыстау тұрғыны балаларына 6 млн теңге алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды. Азаматқа сот үкімі шықты.
Ақша төлеуден жалтарған
Lada ақпаратына қарағанда, ол екі баласының қажеттілігі үшін төленуі тиіс ақшаны бұрынғы жұбайынан бермей келген.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жергілікті тұрғын М. есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.
Қанша қарыз?
Сот материалдарына сәйкес, ер адам бұрынғы әйелі С.-ға екі кәмелетке толмаған балаға алимент ретінде табысынан үштен бір бөлігін төлеуі тиіс болған.
Алайда ол міндетін ұзақ уақыт бойы орындамаған. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қарызы 6,4 млн теңгеден асқан.
Сот не шешті?
Сотта азамат М. кінәсін толық мойындап, қарызды өтеуге ниетті екенін, бірақ қазіргі кезде қаржылық мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеген. Жәбірленуші тарап заң аясында жаза қолдануды сұраған.
1 жылға сотталды
Судья айыпталушының шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын жағдайлар анықталмаған.
Сот үкімі бойынша, азамат М.-ға 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сондай-ақ Ақмола облысында екі әйел алмимент төлемеген бұрынғы күйеуін ата-ана құқығынан айыруды сұрап сотқа жүгінген.