АҚШ Қазақстан арқылы Орталық Азиямен серіктестігін нығайтпақ

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Мұрат Нұртілеу және Марк Рубио / Фото: Сырты істер министрлігінен

АҚШ пен Қазақстан энергия ресурстары мен аса маңызды минералдар жеткізу секторында серіктестігін арттырады. Бұл жайлы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесуі аясында айтылды.

«АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту арқылы өзара қызығушылық тудыратын экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге үміт артады», – деді М.Рубио.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің жазуынша, АҚШ-тың Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына берік ұстанымы растау үшін кездескен. . Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Орта держава ретінде халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге конструктивті үлес қосуға дайын екенін де атап өтті.

Екі тарап «С5+1» платформасы аясында да серіктестікті арттыруға уағдаласты

«С5+1» — бұл АҚШ Үкіметі мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан (С5) үкіметтерінің қатысуымен жүзеге асатын өңірлік дипломатиялық платформа. «С5+1» АҚШ пен Орталық Азия арасындағы өзара іс-қимылдарды үйлестіруді нығайта отырып, тәуелсіз, өркендеген және қауіпсіз Орталық Азияны құруға бағытталған. Бұл аймақ АҚШ-пен әріптестікте ортақ мәселелерді шешуге қабілетті болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз