Volkswagen көліктері Өзбекстанда шығарылмақ

Volkswagen көліктері Өзбекстанда шыға бастайды. Неміс компаниясы Alyans Auto-мен бірлесіп автокөлік өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Volkswagen Passenger Cars компаниясының сатылым, маркетинг және сатудан кейінгі қызмет көрсету жөніндегі басқарма мүшесі Мартин Сандер LinkedIn парақшасында хабарлады.
Неміс көліктеріне деген сұраныс артқан
Оның айтуынша, Өзбекстанда халық табысының артуы мен орта таптың өсуіне байланысты автокөлік нарығында серпіліс күтіліп отыр. Неміс көліктеріне деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан Volkswagen көліктері нарыққа шығарылады.
«Бізде өзбекстандық тұтынушы іздейтін сегіз сәнді седан мен кең жол талғамайтын көлік бар», – деді Сандер.
Жаңа өндіріске жиынтық бөлшектер Қытайдан жеткізіледі. Логистикалық жақындық бұл жобаны тиімді етуге және көмірқышқыл газды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Volkswagen, Škoda мен Jetta
Өндіріс Alyans Auto компаниясының қатысуымен жолға қойылмақ. Бұған дейін бұл компания Jizzakh Auto атауымен танымал болған. Volkswagen, Škoda мен Jetta брендтерінің ресми дистрибьюторы болып саналады.
Volkswagen компаниясы 2025 жылы корпоративтік аудит нәтижесінде UzAuto-ның еншілес ұйымы ребрендинг жасап, Alyans Auto атауымен жұмысын жалғастырғанын мәлімдеді. Volkswagen көліктері енді өзбек көшелерінде жиі көруге болады.
Сондай-ақ, Volkswagen Golf R, Tiguan және ID.4 үлгілері жаңартылатыны туралы хабарланған еді.