Экономикаға берілген кредит көлемі 43,7 трлн теңгеге жетті

2025 жылғы сәуірде Қазақстан экономикасына берілген кредит көлемі 43,7 трлн теңгені құрады. Бұл өткен аймен (сәуір – 42,8 трлн теңге) салыстырғанда 2,3%-ға артық.
Несиенің басым бөлігі банктер арқылы берілген — 37,4 трлн теңге немесе жалпы көлемнің 85,5%-ы. Қалған 6,3 трлн теңгені басқа ұйымдар берген, оның ішінде:
- микрокаржылық ұйымдар — 2,95 трлн теңге,
- квазимемлекеттік сектор субъектілері — 3,1 трлн теңге,
- ипотекалық ұйымдар — 271 млрд теңге.
Бизнеске берілген несие артты
Бизнеске берілген несиелер көлемі бір айда 20,1 трлн теңгеге дейін өсіп отыр. Бұл — бүкіл несиенің 46%-ы. Десе де кейінгі айда бизнеске берілген несие көлемі тұтынушылық кредитпен салыстырғанда біршама артқаны байқалады.
Халыққа берілген несие көлемі 23,6 трлн теңгеге жетті (54%). Бұл көрсеткіш сәуірде 23,3 трлн теңге болған.
Ұлттық валютадағы несиелер үлесі өте жоғары — 42,9 трлн теңге немесе барлық несиенің 98%-дан астамы.
Бұл статистика экономикада кредиттік белсенділік әлі де жоғары екенін көрсетеді.