«Додо Пицца» пиццериясына иелік ететін компания Қазақстанда тіркелді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Додо Пицца» пиццерия және «Дринкит» кофеханалар желісіне иелік ететін ресейлік Dodo Brands компаниясы ресми түрде Қазақстанға көшті. Бұған дейін компания Виргин аралдарында тіркелген. Енді компания өз жұмысын Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) жалғастырады.

Бұл процесс редомициляция деп аталады — яғни компания тіркелген елін ауыстырып, барлық заңды құжаттары мен міндеттемелерін сақтай отырып, жаңа елге көшеді.

Dodo Brands — әлемнің 26 елінде 1300-ден астам пиццерия мен кофехананы басқаратын халықаралық компания. Тек Қазақстанның өзінде 100-ден астам «Додо Пицца» мен 14 «Дринкит» жұмыс істейді.

2024 жылы компанияның табысы 1 млрд доллардан асты. Dodo-ның көп бөлігі франшиза арқылы жұмыс істейді (яғни, жергілікті кәсіпкерлер өз атынан Dodo брендін жүргізеді).

Компания юридикциясын Виргин аралынан Қазақстанға көшіруді жоспарлап отырғанын 2024 жылы хабарлаған.

Қазіргі кезде Solidcore Resources Plc (бұрын – Polymetal International Plc.), Cheltenham Group Limited, Fix Price Group Ltd., Specta Group Ltd. көшіп келген.

Сондай-ақ оқыңыз