Мәсімовтің сатылмай жатқан сарайын Астана әкімдігі де алмайтын болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Мәсімовтің зәулім сарайын Астана әкімдігі алмайтын болды / gov.kz, бильд-редактор: Милош Муратовский

Астана әкімдігі сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйін муниципалдық меншікке қабылдамайды. Бұл туралы Bes.media басылымы хабарлады. Бұған дейін құны 1,6 миллиард теңгеге бағаланған зәулім сарайды қаланың әлеуметтік қажеттіліктерге пайдаланылатыны айтылған болатын.

Бұл ақпаратты KursivMedia басылымына Астана әкімдігі де растады.

«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасының қазіргі уақытта жоғарыда аталған ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау жоспары жоқ», – делінген әкімдік жауабында.

Бұған дейін «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» (КУВА) Мәсімовтің үйін үлкен жер телімімен бірге қалалық әкімдік балансына өткізетінін хабарлаған болатын.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» бұған дейін экс-шенеуніктің үйін 3 рет аукционға шығарған. Алайда да үш ретте де сатып алуыш табылмады. Бұдан кейін әкімдік мүлікті Астана әкімдігіне беру туралы шешім қабылдаған. Бірақ әкімдік те жыр болған зәулім сарайды алуға ниетті емес секілді.

Айта кетсек, бір кездері Мәсімовтің бұл үйін бизнесмен Мұхтар Жәкішевтің сатып алатыны туралы хабар тарады. Алайда кәсіпкер бұл ақпаратты жоққа шығарып, «жалған ақпарат және сандырақ» деп бағалады.

Сондай-ақ оқыңыз