Талапкерлер назарына: Қазақстанда әлемнің 38 оқу орнының филиалы ашылды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Грантқа құжат қабылдау шілде айында басталады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Қазақстанда 38 шетелдік жоғары оқу орындарының филиалы ашылған / Фото: kursiv.media архив

Қазақстанда әлемнің үздік 38 жоғарғы оқу орнының филиалы ашылған. Осыған орай Ғылымы және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек талапкерлердің мамандық таңдауда елде ашылған шетел университеттерін де ескеруі тиіс екенін айтты.

Қазақстанда ашылған 38 үздік шетелдік университеттер бұрын елде болмаған жаңа мамандықтар бойынша оқытады.

«Ұлыбританияда үздік атанған Cardiff, Coventry, Queen’s University Belfast, Exeter университеттерінің филиалы Қазақстанда ашылды. Сондай-ақ Аризона штатының (АҚШ) екі университетін елге әкелдік. Олар Шымкенттегі М.Әуезов университетінің негізінде ашылды. Бұдан бөлек, Америка, Франция, Италия, Германия, Түркия, Корея, Қытай университеттерінің филиалдары бар. Мысалы, Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің филиалы Қызылордада ашылды. Кореяның Вусонг университетінің үлкен кампусы биыл Түркістанда бой көтереді», – деді министр.

Шетел ЖОО-ларында қандай мамандықтар бойынша оқуға болады?

Бұл университеттерде мынадай мамандықтар бойынша білім алуға болады:

  • жасыл сутегі;
  • жасанды интеллект;
  • электромобильдер өндірісі;
  • «ақылды» көлік жүйелері.

«Оқу орындарында бұрын болмаған жаңа мамандықтар оқытылады. Қытай тілін оқығысы келетіндер үшін былтыр Астанада ашылған Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалында білім алуға болады. Бұл университетте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілін үйренген. Енді әлемдік озық білімді шетелге кетпей, Қазақстанда алуға болады. Осы керемет мүмкіндіктерді пайдалануға кеңес беремін,- деді Саясат Нұрбек.

Айта кетсек, сонымен бірге жастар мамандықты жаңылмай таңдауы үшін «Жаңа мамандықтар атласын» әзірледі. Бұл атласпен  Еnbek.kz сайтында танысуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз