Тоқаев ExxonMobil компаниясының ел экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас директоры Даррен Вудспен кездесті.
Кездесу барысында энергетика мен мұнай-газ саласындағы инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Президент ExxonMobil-дің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалап, бұл компанияны еліміздің сенімді серіктесі деп атады.
Ол мұнай-газ саласында көмірсутек өндіру көлемін арттыруға бағытталған бірлескен жобалардың маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты.
Өз кезегінде Даррен Вудс Қазақстанда Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын жүзеге асыруға жасалған қолайлы жағдай үшін алғысын білдірген.
Бұған дейін ExxonMobil сынды компаниялар жаңа кен орындарын барлауға қатысуы мүмкін екені айтылған.
ExxonMobil – Теңіз кен орнын игеріп жатқан «Теңізшевройл» компаниясының ірі акционерлерінің бірі.