Қазақстандық әйелдерге қаржылық сауат пен ЖИ-ді тегін үйрететін жоба басталды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Astana Hub

Қазақ әйелдері мен жастарына қаржылай және цифрлық сауатты үйрететін АqylTech/ІТ-Aiel онлайн оқыту бағдарламаларына тіркеу басталды. Жастарға арналған жоба 10 мың адамға дейін қамтуды жоспарлап отыр.

Бағдарлама қатысушылары қаржы сауаты, промт-инжиниринг, чат-боттарды құру, ЖИ көмегімен графика сияқты жаңа цифрлық дағдыларды үйрене алады. 100-ден аса маман арнайы платформада білім береді. Барлық оқу онлайн өтеді, қатысушылар өзіне ыңғайлы уақытта қатыса алады. Оқу бір аптадан бірнеше айға дейін созылады

Жоба авторлары заманауи цифрлық платформалар, сондай-ақ жасанды интеллект қазақстандықтарға табысын арттырып, жаңа кәсіп меңгеруге мүмкіндік береді деп есептейді.

«AqylTech – бұл тікелей жастарға, әсіресе, ауыл жастарына бағытталған жаңа жоба. Біз ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз және жастарды осы жобаға барынша тартқымыз келеді», – деді TechnoWomen КЕҰ басқарма төрағасы Азиза Шужеева

AqylTech осы жылы басталды, ал IТ-Aiel бағдарламасы үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 5,5 мыңнан аса әйел қатысты.

Aqyl Tech & IT-Aiel бағдарламасына мына жердегі сілтеме арқылы тіркелуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз