Кәуапшы ескерту жасаған әйелдің екі саусағын балтамен шауып тастады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетіліп жатыр / /shutterstock
Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетіліп жатыр / /shutterstock

Кәуапшы ескерту жасаған әйелді соққыға жығып, екі саусағын ет шабатын балтамен шауып тастады. Оқиға Қызылорданың бір кафесінде болған.

СNM ақпаратына қарағанда, күдікті ет әзірлеу және маринад дайындайтын болған. Бірақ  ол өз міндеттеріне салғырт қараған. Үнемі ішімдік ішіп, карта ойнаған. Жұмысынан жалтарып жүрген қызметкерге кафе иесі ескерту жасапты.

Әйел – көп балалы ана.  Арақтың қызуымен ол ашуға басып, балтасын қолына алған. Күтпеген жерден соққы жасап, әйелдің екі саусағын шапқан.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы бұл оқиға бойынша «қасақана денсаулыққа зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жан-жақты тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс Қызылорда облысы ПД басшылығының бақылауында. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», — деп мәлімдеген полиция өкілдері.

Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.

Айта кететін жайт, Жаркентте қаза тапқан әскеридің ата-анасы айыпталушыларды өмір бойына соттауды сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз