Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Дубайда қалып қойған қазақстандықтар елге жетті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қарабаев Көлік министрлігінің 19 жаңа бағытттарға әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырғанын айтты
Қазақстандықтар Дубайдан елге оралды / Фото: kursiv.media

Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс күшеюіне байланысты Біріккен Араб Әмірліктері бірқатар рейстерін тоқтатып тастаған болатын. Осының салдарынан Дубайға демалуға кеткен қазақстандықтар елге қайта алмай қалған. Енді Туризм және спорт министрлігі туристердің елге жеткізілгенін хабарлады.

«FlyDubai әуе компаниясының ұшағы қазақстандық туристермен Алматыға қонды FlyDubai рейстері бүгін сағат 02:45 пен 06:23 аралығында аталмыш елдердің әуе кеңістігін айналып өтіп, елге 13 маусымда ұша алмаған 332 туристі және жоспарлы жолаушыларды жеткізді», – делінген министрлік хабарламасында.

13 маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінен, нақты айтқанда, Дубай мен Абу-Дабиден Қазақстанға сонымен бірге басқа да өңірлерге ұшатын рейстер тоқтатылған болатын. Бұл шешім Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты қабылданған.

Осы елге демалуға барған қазақстандықар елге қайта алмай қалған. Бірақ соғысқа байланысты Дубайдан ұша алмаған барлық турист туроператорлар арқылы ҚР Туризм және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, ҚР Елшілігі және «Туристік Қамқор» қорының үйлестіруімен қонақүйлерге орналастырылған. Министрлік туристердің барлығы түнгі рейспен елге жеткенін хабарлады.

Еске сала кетсек, Израиль 13 маусым күні Иранның ялролық нысандарына шабуыл жасады. Иран қарымта қайтаратынын мәлімдеп,100-ден аса зымырандармен атқылады.

Бұдан кейін Air Astana мен FlyArystan әуе компаниялары Иран әуе кеңістігін айналып өтетінін мәлімдеді.

Ал сенбі, 14 маусымда Азаматтық авиация комитеті  Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігінен жәнен оған жақын аймақтардан ұшуға толығымен тыйым салды.

Сондай-ақ оқыңыз