Си Цзиньпиннің келуіне байланысты Астананың бірқатар көшелері жабылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Си Цзиньпиннің келуіне байланысты Астанада көшелер жабылады
Си Цзиньпиннің келуіне байланысты Астанада көшелер жабылады / shutterstock

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға келуіне байланысты елорданың бірқатар көшелері жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Көшелер неге жабылады?

«Астанада «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің отырысына байланысты бірқатар көше жабылады», – делінген баспасөз хабарламасында.

16-18 маусым күндері елге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келеді. 17 маусым күні Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді деп жоспарланып отыр. Көшелер осы шараларға байланысты жабылады.

Қандай көшелер жабылады?

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 16-18 маусым аралығында мына көшелер жабылады:

  • Қабанбай батыр даңғылы (Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан бастап Мәңгілік Ел даңғылына дейін);
  • Мәңгілік Ел даңғылы (Қабанбай батыр даңғылынан Д.Қонаев көшесіне дейін);
  • Қонаев көшесі (Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралық);
  • Қабанбай батыр даңғылы (Қорғалжын тас жолына дейінгі бөлігі).

Қоғалыс уақытша шектелетін көшелер

Ал 2025 жылдың 17 маусымында төмендегі көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:

  • Керей-Жәнібек хандар көшесі (Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Шерхан Мұртаза көшесіне дейін);
  • Тәуелсіздік даңғылы (Керей-Жәнібек хандар көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін).

Сондай-ақ 17 маусымда сағат 14:00-ден 20:30-ға дейін Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы Қ. Аманжолов және Ж.Нәжімеденов көшелерінде де қозғалыс уақытша шектеледі.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысында болатын өзгерістерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн», – деп ескертеді әкімдік.

Айта кетсек, осыған дейін Ақорда Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапармен келетіні туралы хабарлаған еді. ҚХР басшысының ресми сапары барысында екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланатыны айтылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз