Тоқаев Стратегиялық зерттеулер институтына жаңа басшы тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директорын қызметінен босатып, орнына жаңа басшы тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Валитханұлы Тұқымовты лауазымынан босатқан.
Бұл орынға президент жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов директор болып тағайындалған.
Қызметінен босатылған Тұқымов бұл қызметке 2022 жылдың 27 қаңтары күні тағайындалған.
Айта кетсек, институтты Ермұхамед Ертісбаев 2 жыл (1998-2000 ж.), Мәулен Әшімбаев 5 жыл бойы (2000-2005 ж.), 3 жылдай Ерлан Қарин (2014-2017ж.) басқарған.
Сондай-ақ бір кездері институт қызметкері, қытайтанушы Константин Сыроежкинге қатысты дау болған. Институт қызметкері «Қытайға маңызды деректерді сатты» деп айыпталып, 2019 жылы 10 жылға сотталған. Алайда 5 жыл өткен соң, 2024 жылы шартты түрде босап шықты.