Қытай Қазақстанда көмірден жылына 2 млрд текше метр газ өндіретін зауыт салады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Миллиарды кубометров газа получит Китай из казахстанского угля
Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін зауыт салынады / primeminister.kz, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қазақстан Қытаймен бірлесіп Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін көмір химия зауытын салады. Бұл туралы Олжас Бектеновтің Shandong Energy Group Co. басшысы Ли Вэймен кездесуі барысында айтылды.

Атап айтқанда жобаны QazaqGaz және Shandong Energy Group Co. компаниялары жүзеге асырады. Оның жылдық қуаты 2 млрд текше метрді құрайды. Өндірісті іске қосу көмір-химия саласының дамуына серпін беріп, қосымша газ көлемін қамтамасыз етумен қатар, 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретіні айтылады. Сондай-ақ бұл жоба Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, жаңа технологияларды дамытуға және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында Бектенов Қазақстанның Қытаймен экономиканың түрлі бағыттарында, оның ішінде көмір химиясы саласында өзара тиімді серіктестікті дамытуға басымдық беретінін атап өтті. Ал Shandong Energy Group Co. өкілі компанияның Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қызығушылық танытып, ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін жеткізген.

Shandong Energy Group Co. (SEG) – Қытайдың көмір, энергетика және химия саласында көпжылдық тәжірибесі бар ірі корпорация. Компания көмір, метанол және көмір негізіндегі химиялық өнімдер өндірісінде Қытайда көшбасшы саналады. SEG-тің Қытай провинцияларында және әлемнің 17 елінде орналасқан 608 еншілес кәсіпорны бар.

Айта кетсек, Павлодар облысында да да қытайлық Xinfa Group компаниясы ірі өндірістік кешен салады. Кәсіпорын көмір, боксит және мыс өндіріп, өңдеумен айналысады.

Сондай-ақ оқыңыз