Жыл басынан бері Қаржы мониторингі агенттігі 1,8 млрд теңгенің вейпін тәркілеген

Жыл басынан бері 1,8 млрд теңгенің вейпі тәркіленген. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қаржылық мониторинг агенттігі электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың басынан бері тәркіленген өнімнің жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асты», – делінген баспасөз хабарламасында.
Вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелген. Бұдан бөлек, 440 мыңнан астам электронды темекі құрылғысы және осы заңсыз өнімдерді әзірлеуге арналған 6 жабдық тәркіленген.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Агенттіктің мәліметінше, заңсыз қызмет әдетте Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Ал олардан түскен табыс «дропперлер» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып отырады.
Өкінішке қарай, бұл өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелетке толмаған оқушылар. Осыған орай Қаржылық мониторинг агенттігі вейптердің заңсыз сатылу фактілері туралы 1458 нөміріне хабарлауды ұсынады.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 20 маусымынан бері Қазақстанда вейпке тыйым салынған. Заңға сәйкес вейп сатқандар 50 тәулікке дейін қамауға алынады. Ал эелкетронды темекі құрылғыларын әкеліп, таратөан адам 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал қылмыстық топпен аса әрі көлемде заңсыз вейп таратумен айналысқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жалпы вейпке тыйым салу мәселесі 2023 жылдан басталды.