Nissan N7 – Қытай көліктерінің бағасымен сатылып жатқан жапон мәшинесі

Nissan N7 қытай көліктерінің бағасымен сатылып жатыр. Модельдің бастапқы бағасы – шамамен 14 000 АҚШ доллары.
Nissan-ның толықтай электрлі N7 седанының Қытайда нарыққа шыққанына небәрі бір жарым ай ғана болған. Сarnewschina ақпаратына қарағанда, осы уақыт ішінде Қытайда 20 мыңнан астам тапсырыс түскен.
Жапонияда да сатылуы ықтимал
Nissan N7 бес түрлі нұсқада ұсынылып отыр. Орташа класты электрлі көліктер нарығында қолжетімді.
N7 – Dongfeng Nissan-ның жаңа энергетикалық платформасында жасалған алғашқы электрлі седан. Ол бірлескен кәсіпорын. Бұл модель бастапқыда Қытай нарығына арналған-ды. Алайда кейбір деректер бойынша, Nissan компаниясы N7-ні Жапонияға да шығаруды ойластырып отырған көрінеді.
Техникалық сипаттамалары
Nissan N7 моделі 160 кВт және 200 кВт қуатты бір моторлы конфигурациялармен жабдықталған. Олар литий-темір-фосфат (LFP) батареяларымен жұмыс істейді. Модель түріне байланысты CLTC стандарты бойынша бір қуатпен жүреді. Түрлеріне қарай 510, 525, 540, 625 және 635 шақырымды бағындыра алады.
Жылдам қуат алады. Батареяны 30%-дан 80%-ға дейін небәрі 14 минут ішінде толтырауға болады. Барлық нұсқасында 6.6 кВт сыртқы қуат беру функциясы бар.
Техникалық мүмкіндіктері
Бұл модельдің жабдықталу деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Барлық нұсқада Nissan-ның өз әзірлемесі орнатылған. Атап айтқанда, NISSAN OS операциялық жүйесі, 15.6 дюймдік 2.5K орталық сенсорлы экран және қозғалысқа байланысты жүрек айныуын азайтатын бағдарлама және тағысын тағылар.
Жайлы жүргізу үшін бәрі жасалған
Базалық үлгілерде Snapdragon 8155 чипі қолданылса, Max нұсқаларында қуаты жоғары Snapdragon 8295P орнатылған. Сондай-ақ Max үлгілері Nissan мен Momenta компаниялары бірлесіп әзірлеген толыққанды жүргізушіге көмек көрсету жүйесімен жабдықталған.
Cонымен Nissan N7 салонының дизайнына келсек, жайлылық пен материал сапасына ерекше назар аударылғаны аңғарылады. Интерьері ерекше әсер беретін қос түспен көмкерілген. Ормандай жасыл түс пен қардай ақ түсті.
Сыртқы көрінісі
N7 заманауи минималистік дизайнмен ерекшеленеді. Жабық радиатор торы, бөлек орналасқан шамдары және бүкіл енді бойлай өтетін жарық жолағы бар. Жарық жүйесі 700-ден астам LED шамдары мен 800-ден астам OLED элементтерінен тұрады. Сонымен қатар, көліктің келбетін ерекше етіп көрсететін Magic Canvas атты анимациялық жарық эффектілері орнатылған.
Өлшемдері
Nissan N7 көлігінің ұзындығы – 4 930 мм. Ені – 1 895 мм. Ал биіктігі – 1 487 мм. Дөңгелек базасы – 2 915 мм.
Клиенттер Max нұсқасына ерекше қызығушылық танытып отыр. Бұл нұсқалар ұзақ жүріс қашықтығымен және жетілдірілген техникалық жабдықтарымен ерекшеленеді. Тапсырыстардың 60%-дан астамы осы Max нұсқасына түскен.
Мұның алдында Toyota RAV4-ге ұқсайтын дизайны бар жаңа Mazda CX-5 кроссовері туралы жазған едік.