Газада азық-түлік алуға барған 20 адам Израиль әскерінің оғынан қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Газада азық-түлік жоқ, ашаршылық жайлар тұр / фото: KursivMedia мұрағаты
Газада азық-түлік жоқ, ашаршылық жайлар тұр / фото: KursivMedia мұрағаты

Газада азық-түлік көмегін алуға барған 20 адам Израиль әскерінің оғынан қаза тапқан. Атыс таңғы сағат 5-пен 7:30 аралығында болған.

Le Figaro ақпаратына қарағанда, бұл туралы Газа секторындағы Азаматтық қорғаныс қызметі хабарлаған.

Оқиға қалай өрбіді?

«Олар Рафахтағы америкалық көмек көрсету орталығына азық-түлік алу үшін кіруге үміттеніп, күтіп тұрған. Сол кезде, жаулап алушы күштер бұл аш адамдарға al-Alam айналма жолы маңында оқ жаудырды», – деді аталған қызметтің өкілі.

Газадағы Азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, дүйсенбі, 16 маусым күні Израиль армиясы гуманитарлық көмек алуға бара жатқан 20 палестиналықты атып өлтірген. Бұл жағдай соғыс басталғалы бергі жиырма айдан астам уақыт ішінде бомбалаумен күйреген аймақта болды.

Тағы да 200 адам жарақат алды

AFP агенттігіне жауап берген Израиль армиясы аталған оқиғаға қатысты мәлімет жинап жатқанын хабарлады.

Азаматтық қорғаныс қызметінің өкілі Махмуд Басалдың айтуынша, Израиль армиясының оғынан 20 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған.  Олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Жәбірленушілер Газа секторының ауруханаларына жеткізілді.

Ол қаза тапқандар мен жараланғандар гуманитарлық көмек тарату орталығы маңында жиналғанын айтты.

Көмек тарату нүктелері – аса қауіпті аймақтар

Ол сондай-ақ жараланғандар Газа секторының оңтүстігіндегі ауруханаларға жеткізілгенін айтты. Алайда бұл ауруханалар бірнеше күннен бері соғыс пен медициналық құрал-жабдықтың тапшылығына байланысты толық жұмыс істей алмай отыр. Газадағы БАҚ-қа салынған шектеу бар. Оқиға орнына жету қиын. Сондықтан AFP Азаматтық қорғаныстың бұл мәлімдемесін өз бетінше тексере алмаған.

БҰҰ бұл ұйыммен жұмыс істеуден неге бас тартты?

27 мамырдан бастап Газа секторында АҚШ пен Израиль қолдайтын, бірақ қаржыландыру көзі беймәлім Гуманитарлық көмек қоры (GHF) бар. Ол басқаратын орталықтар ашылғалы бері бірқатар қанды оқиғалар тіркелді.

БҰҰ бұл ұйыммен жұмыс істеуден бас тартып отыр. Себебі оның жұмыс әдістері мен бейтараптығына қатысты күмән бар. AFP агенттігінің тілшілері соңғы күндері таң ата көмек тарату орындары маңында Газа тұрғындарының жиналып жатқанын байқаған. Олардың арасында жиналған кезде атылуы мүмкін деген қауіп болса да, көмекке мұқтаждық басым. БҰҰ мәліметінше, Газа секторына ашаршылық қаупі төніп тұр. Газада азық-түлік тапшы.

Мұның алдында Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац батыс жағалауда Израиль мемлекеті пайда болатынын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз