«Израильге өте ауыр жыл болады»: танымал нумеролог Таяу Шығысқа болжам жасады

Жарияланды 16 Маусым 2025 18:36

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Танымал нумеролог Құралай Бақытқызы қақтығыстың дүниежүзілік соғысқа ұласу-ұласпауы жайында пікір білдірді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Танымал нумеролог Құралай Бақытқызы қақтығыстың дүниежүзілік соғысқа ұласу-ұласпауы жайында пікір білдірді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Танымал нумеролог Құралай Бақытқызы әлемдегі геосаяси ахуалға болжам жасады. Оның айтуынша, жаздың екі айынан энергетикасы ауыр.   

«Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс дүниежүзілік соғысқа ұласады деп ойламаймын. Үлкен державалар мұны болдыртпауға тырысады», – деді  нумеролог.

Осы екі айдан аман өтсек…

Оның айтуынша, маусым және шілде айының энергетикасы бөлек. Осы екі айдан аман өтсек, бәрі жақсы болады. Жалпы, биылғы жыл жаман емес еді. Осы ай жаман хабарлармен басталды. Ұшақ апаты, жер сілкінісі болып, жанжал ушыққан.  

«Ұлы Отан соғысы да маусым айында басталған. Өйткені, бұл айда от стихиясы кіреді. Сондықтан жоспарсыз, жылдам шешімдер болады. Осы айда адамдар эмоцияға салынады. Асығыс шешімдер болатын ай. Десе де, Таяу Шығыстағы жанжал қысқа мерзімге ғана созылады деп ойлаймын», – дейді Құралай Бақытқызы.

Иранда үлкен өзгеріс болады

Өйткені, айдың энергиясын жылдың энергиясы басады. Аяқ асты жасалған әрекеттердің нәтижесі болмайды.

«Израильде биыл – нөл жылы. Бұл құлдырау кезеңі. Жағдайы өте нашар. Мамыр айынан бастап Израиль минусқа кірді», – деді сандар сәуегейі.

Оның болжамынша, Иранның сандары көшуді, қоныс аударуды көрсетіп отыр. Көп адам миграция жасауы немесе астанасы ауысуы ықтимал. Әйтеуір, Иранда үлкен өзгеріс болады. Ол биыл Израильге өте ауыр жыл болатынын болжап отыр.

Қытай мен АҚШ-тың айы оңынан туады

«АҚШ пен Қытайға келсек, бірі – батыс, бірі – шығыс елі. 2025 – шығыс елдері үшін өте жақсы жыл. Әсіресе, Қытайға. АҚШ үшін де жаман жыл емес. Баю жылы. Екі ел үшін де экономикалық тұрғыдан ұтыс жылы», – дейді нумеролог.

Инвестиция тарту, нарықты көтеру жағынан алғанда, Қытай мен АҚШ үшін қолайлы жыл екен.

«Сондықтан, үлкен апат болмайды деп үміттенеміз», – дейді Құралай Бақытқызы.

Құралай Бақытқызы Назарбаевтың биліктен кететінін, Қаңтар оқиғасын алдын ала болжаған енді. Нумеролог 2025 жылы табиғи апаттардан сақтануға шақырған.

Сондай-ақ оқыңыз