Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Си Цзиньпиннің айтуынша, соңғы жылдары бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қытай мен Қазақстан арасындағы ықпалдастық жаңа мәнге ие болған / фото: Ақорда
Си Цзиньпиннің айтуынша, соңғы жылдары бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қытай мен Қазақстан арасындағы ықпалдастық жаңа мәнге ие болған / фото: Ақорда

Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдірді. Қытай көшбасшысы Тоқаевқа алғыс айтты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан ұлттық жаңғыру жолына түскенін атады. Ел дамуында тың табыстарға қол жеткізіп келе жатқанын мәлімдеді.

«Тату көрші әрі стратегиялық серіктес ретінде біз Сіздердің жетістіктеріңізге тәнтіміз. Сіздер үшін қуаныштымыз. Қытай мен Қазақстанның қарым-қатынасы құбылмалы әлемнің сынына төтеп беріп, қарқынды дамып келеді», – деді Си Цзиньпин.

Қытай көшбасшысының пікірінше, бұл – көршілес екі елдің географиялық жақындығы немесе достығының арқасы ғана емес. Сондай-ақ, екі елдің өркендеу жолындағы табиғи сұранысы.

Си Цзиньпин сөзінше, соңғы жылдары бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қытай мен Қазақстан арасындағы ықпалдастық жаңа мәнге ие болған. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалардың жүзеге асып, екі елдің халқына да айтарлықтай пайда әкеліпті.

«Мен Өзіңізбен тізе қосып, Қытай-Қазақстан достығын нығайтуға, өңірдің және жалпы әлемнің дамуына елеулі үлес қосу үшін екі елдің сан қырлы ынтымақтастығын одан әрі ілгерілетуге әзірмін», – деді ҚХР Төрағасы.

Келіссөз кезінде екі ел басшылары ынтымақтастықтың сан қырлы бағыттары бойынша перспективаларды талқыланды.

Мұның алдында Қытай көшбасшысының Қазақстанға келгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз