IQanat олимпиадасы: үздік шыққан мың бала

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
IQanat
IQanat Олимпиадасының финалы басталды / Фото: IQanat ұйымдастырушылары

Алматыда IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Қазақстанда бір жылдан бері өткізіліп келе жатқан білім жарысы өз межесіне жақындады. 50 мыңнан астам сегізінші сынып оқушысы қатысқан жарыста мың бала суырылып шығып, финалист атанды.

Іріктеудің жаңа стратегиясы

Енді IQanat финалистері эмоциялық интеллект, көшбасшылық және кәсіпке бейімділік бойынша тест тапсырады. Балалар осылайша жаңа стратегия арқылы іріктеледі. Көп жағдайда баланың жетістіктерін мектеп пәндері бойынша білімі емес, «soft skills» дағдылары айқындайды. Осылайша, биылдан бастап қорытынды тестілеудің академиялық бөлігі 80%-ды құраса, қалған 20% бөлігі «жұмсақ» дағдыларға тиесілі болады.

«Біздің міндетіміз – балалардың арасынан ең ақылдыларды емес, ең ынталы, бастамашыл және өз арманына қол жеткізу үшін күресуге дайындарын іріктеу. EQ-тест бізге мұндай балаларды тиімді таңдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, ең маңыздысы – баланы кейін қай бағытта дамыту керектігін айқындап береді. Эмоциялық интеллект икемді дүние, егер бала тәлімгерлер, тьюторлар және қолдау бар дұрыс ортаға тап болса, оның көрсеткіштері жақсарады. Мұндай тәсіл баланың қай тұсы мықты, ал қай жағын дамыту керектігін көрсетіп береді», – деді IQanat академиялық директоры Зухра Шегенова.

Жасанды интеллект және медиа сауаттылық

Тестілеу тек бір күнге жоспарланған. Бұдан бөлек қатысушыларға арнап, жасанды интеллект және меди сауаттылық, кәсіби бағдар, бұқара алдында сөйлеу, ойлау дизайны сынды тақырыптар бойынша түрлі тренингтер мен дәрістер ұйымдастырылады.

Қатысушылар танымал кәсіпкерлермен және блогерлермен кездесіп, интерактивті ғылыми тәжірибелерге қатысады, сондай-ақ reading-челлендждерге атсалысады. Үлкен жастағы оқушылар Peer-to-Peer жобасы аясында өз қатарластарына көмек көрсетіп, білімдерін толықтыра алады.

Айта кетейік, IQanat — бұл Қазақстан кәсіпкерлері жүзеге асыратын білім беру жобасы. Қазіргі таңда жоба қоғамдастығында 220 меценат бар. Олар әр өңірдегі дарынды балаларға қамқорлық жасап, олардың жан-жақты дамуына үлес қосып келеді.

Қорытынды кеше Медеуде өтеді

Олимпиаданың қорытындысы Медеу тау шатқалындағы стадионда шығарылады. Үздік оқушыларды марапттау рәсімі тау аясында ұйымдастырылады.

Үздік оқушыларға Бурабайдағы IQanat High School of Burabay мектеп-пансионатының білім гранты беріледі. Сондай-ақ оқушылардың барлық шығыны өтеледі.

Сонымен бірге олимпиада қатысушылары IQ ADVANCED тереңдетіп оқу бағдарламасы мен IQ-IP үш жылдық бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік алады. Бұл бағдарламалар балалардың жоғары оқу орындарына түсуге онлайн дайындалуына мүмкіндік береді.

IQanat олимпиадасы негізінде іріктеуден кейін 3 жыл бойы балалармен үздік ұстаздар мен менторлардың жұмыс жүргізеді. Нәтижесінде жобаға қатысқан түлектердің 94%-ы Қазақстан мен шетелдің жетекші университеттеріне грантқа түседі.

Бүгінде жоба түлектері әлемнің 17 елінде білім алып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз