Қостанайда колледж студенттерін емтиханнан военкоматқа алып кетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қостанайда колледж студенттерін әскерилер емтихан үстінен автобусқа салған / фото: KursivMedia мұрағаты
Қостанайда колледж студенттерін әскерилер емтихан үстінен автобусқа салған / фото: KursivMedia мұрағаты

Қостанайда колледж студенттерін емтиханнан военкоматқа алып кетті. Әскерилер емтиханның аяқталуын аудитория мен дәлізде күткен.

Қостанайдағы құрылыс колледжіне әскери комиссариаттың бір топ өкілі студенттер емтихан тапсырып жатқанда аудиторияға кіріп келген.

Желіде тараған видео авторының айтуынша, бұл студенттердің қорытынды емтиханы болған. Оқу 30 маусымға дейін жалғасуы тиіс. Бұған қарамастан, 3-курс студенттері әскерге топ-тобымен әкетілген.

«Максим Громадиннің анасымын. Бүгін баламды емтиханға шығарып салдым. Олар әлі колледж оқушысы. Ертең екінші емтиханы бар. Балалар колледжге келсе, военкомат автобусқа тиеп жатыр. Емтихан үстінен алып кетіп жатыр. Бұл не? Не болып жатыр?» – дейді қостанайлық тұрғын Ирина Готкова.

Әскерилер болса, балаларды әскерге әкетіп жатпағанын, тексеру жүргізілетінін айтты.

«Міне, балаларды салып алған автобус тұр. Пердесін жауып тастаған. Автобус лық толы. Балаларды әкетіп жатыр. Студенттерімізді военкоматқа әкетіп барады», – деген бір әйелдің дауысы естіледі бейнажазбада.

Мұның алдында қорғаныс мнистрлігі әскерилердің ЖОО-ға грантқа түскен жігітті неге әскерге алып кеткенін түсіндірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз