Қазақстан мұнай өндірісіне қатысты жоспарын өзгертпейді – Энергетика министрі

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
мұнай
Мұнай өндірісіне қатысты жоспар өзгере ме / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан биыл өндірілетін мұнай көлемін 96,2 миллион тонна деңгейінде қалдыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Аққенженов мәлімдеді.

«Біз әзірге осы жоспардан айныған жоқпыз», – деді министр журналистерге берген сұхбатында.

Бұл – елдегі мұнай өндірісі биылғы жоспар бойынша жүреді деген сөз.

Министрлік бұған дейін мұнай өндіру жоспарында ОПЕК+ ұйымы алдындағы міндеттемелер ескерілмегенін мәлімдеген. Дегенмен Қазақстан өзінің квотасы аясында жұмыс істеуін жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыз