Назарбаев әуежайын жөндеуге 2,8 млрд теңге бөлінеді

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону алаңын жөндеуге 2,77 млрд теңге жұмсалады. Мемлекеттік сатып алу сайтына Астана қаласының басқармасы осындай лот жариялады.
Құжатта айтылғандай, байқауға қатысқысы келетін компаниялар лот құнының 1%-ын өтізуі тиіс. Қызмет түрі ретінде әуежайдың ұшу-қоны алаңын жөндеу деп көрсетілген.
Халықаралық әуежайдың 100% акциясына Terminals Astana Airport Management компаниясы ие. Ол БАӘ-дегі Terminals Holding құрамына кіреді. Компания тағы бір ашу-қону алаңы мен жаңа жолаушы терминалын салуды жоспарлап тұр. Бұл туралы жыл басында астана әуежайы хабарлаған.
2024 жылы халықаралық әуежай 8,3 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.
Terminals Astana Airport Limited халықаралық әуежайды дамытуға 1,1 млрд доллар құюды жоспарлаған. Қазақстан көлік министрлігімен жасалған инвестициялық келісім биыл мамырда қабылданған.