Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасы 5 айда 1 трлн теңгеге өсті
Жарияланды

Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасы жыл басынан бері 1 трлн теңгеге өскен. 2025 жылдың қаңтарында депозитте сақталған қаржы көлемі 40,4 трлн теңге болса, мамырдың соңында ол 41,4 трлн теңгеге жеткен.
Ұлттық банктің дерегіне сәйкес, халықтың депозиттегі қаржысы 22,9 трлн теңгені құраса, 18,5 трлн теңгесі бизнеске тиесілі.
Жеке тұлғалардың банк депозитінде сақтаған ақшасы жыл басынан бері 22,1 трлн теңгеден 22,9 трлн теңгеге жеткен.
Ал заңды тұлғалардың депозиті 5 айда 240 млн теңгеге өскен.
Бұл қаржының 32 трлн теңгесі ұлттық валютада сақталған депозит болса, 9,5 трлн теңгесі шетел валютасында жиналған.
Сәуір айында теңгедегі салымдар 800 млрд теңгеге немесе 2,5%-ға артып, 31,9 трлн теңгеге жеткен.