Сіңірі шыққан кедейлер көбейді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Биыл базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге деп көрсетілген / фото: KursivMedia мұрағаты
Биыл базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге деп көрсетілген / фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстандағы ең төменгі базалық зейнетақы мен күнкөріс деңгейі кедейлік шегінен де төмен болып шықты. Өйткені, кедейлік шегі өскен.

Таяуда Дүниежүзілік банк кедейлік шегін қайта бекітті. Енді жаңа меже бойынша, тәулігіне үш доллар болып белгіленіп отыр. Бұл – адам басына шаққанда осындай кірісі бар адам кедейлік шегінде өмір сүреді деген сөз. 2017 жылы ол 2,15 АҚШ доллары деп көрсетілген еді.

Дүниежүзілік банктің жаңа өлшемі бойынша, айлық табысы 90-93 АҚШ доллары, яғни, 46 067,4 – 47 602,98 теңге жалақы алатын немесе одан да аз табыс табатын адамдар сіңірі шыққан кедей болып есептеледі.

Айта кететін жайт, Қазақстанда 2024 жылдың 4 желтоқсанында «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойылды. Оған сүйенсек, 2025 жылы базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге деп көрсетілген. Ал күн көріс минимумының көлемі – 46 228 теңге.

Ал ең төменгі жалақы кедейлік шегінен екі еседей ғана жоғары екен. Нақты айтқанда, 85 000 теңге. Ал ең аз зейнетақы көлемі 62 771 мың теңге болып отыр. 

Өзгеріс 2024 жылдың мамырында енгізілді. Бұған Халықаралық салыстыру бағдарламасының (ICP) сатып алу қабілетінің паритеті  туралы жаңа деректері түрткі болған. Аталған паритет – ұлттық валюталарды біртұтас әрі салыстырмалы өлшемге келтіретін негізгі құрал. Онда әртүрлі елдердегі баға деңгейінің айырмашылықтары ескеріледі.

Сондай-ақ оқыңыз