Қазақстан арқылы ұшқан қытайлық ұшақтар Иран шекарасында радардан жоғалып кетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
қытайлық ұшақтар
Фото: shutterstock

Соңғы күндері Қытайдан Иранға қарай үш транспортты ұшақ бағыт алды. Олар Қазақстан шекарасы арқылы өткен, бірақ Иранға жақындағанда радардан жоғалып кеткен. Бұл Израиль мен Иран арасындағы шиеленіске байланысты болуы мүмкін деп жазады The Telegraph

Бірінші борт 14 маусымда, қалған екеуі 15-17 маусым аралығында ұшқан. Әуе көліктері солтүстік Қытай бойымен Қазақстанды кесіп өтіп, Өзбекстанның оңтүстігіне, одан әрі Түркіменстанға қарай кеткен. Бірақ Иранға жақындағанда радардан жоғалып кетеді. Маршрут аяқталуы керек орын ретінде Люксембург ретінде көрсетілген, бірақ лайнерлер Еуропаға жақындамаған да секілді.

Қытайдан ұшып шыққан ұшақтың үшеуі де Boeing 747 жүк көлігі типіне жатады. Авиация сарапшыларына сілтеме жасаған Telegraph жазуынша, әдетте мұндай лайнерлерді әскери техника мен қару-жарақ тасымалдау үшін қолданады.

Қытай мен Иран – стратегиялық серіктестер, олар «АҚШ басқаратын әлемдік тәртіпке» қарсы шығып, көпвекторлы саясатты қолдайды деп атап өтеді басылым. Иран Қытайға мұнай-газ тасымалдайтын басты мемлекеттердің бірі. Ал Бейжің Тегеранға баллистикалық зымыран жасауға қажетті материалдар жібереді.

Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс 13 маусымда басталды. Сол күні таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери нысандарына соққы жасады. Ал Тегеран Израиль мен АҚШ-тан кек алуға уәде берді.

Енді бұл шиеленіске АҚШ-та араласуы мүмкін. Ақ үй бұл мәселені 24-48 сағат ішінде шешеміз деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз