16,3 млн адамның жеке деректерінің таралып кетуіне байланысты Мәдиев не дейді

16,3 млн қазақстандықтың жеке деректерінің таралып кетуіне байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пікір білдірді. Министр қазақстандықтардың деректері ұрланбағанын айтады.
Айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын таралған деректер, осыған дейін қолды болған ақпараттар. Біреу сол ақпараттарды жинап, қайта таратқан.
«Біз мұндай деректерді тарататын телеграм арналарды бұғаттап отырамыз. Ұрланған мәліметтер 2024 жылдың 1 мамырына дейінгі деректер. Яғни жаңа деректердің таралуына қатысты жағдай тіркелген жоқ», – деді Мәдиев.
Сондай-ақ министр бұрынғы деректердің өзі басшылық еткен тұста ұрланбағанын айтты.
Мәселенің мән-жайы
Еске сала кетсек, SecuriXy.kz тelegram арнасы 16,3 млнқазақстандықтың жеке деректері таралып кетенін хабарлады. Арна мәліметінше азаматтардың мынадай деректері таралып кеткен:
- Аты-жөні;
- Жынысы;
- Туған күні;
- ID идентификатор;
- ЖСН;
- Мобильді телефон;
- Жұмыс телефоны;
- Үй телефоны;
- Азаматтығы;
- Ұлты;
- Мекенжайы;
- Тұрғылықты мекенжайының расталғаны туралы ақпарат;
- Тіркелген күні мен тіркеуден шыққан күні.
Ал министрлік жеке деректердің мемлекеттік жүйелерден ұрланбағанын мәлімдеді.