Қазақ кеденшілері Ресейдің жүк көліктерін мұқият тексеріп жүр

Қазақстан мен Ресей арасындағы кеден бекеттерінде көрші елдің жүк көліктерін мұқият тексеріп жатыр. Көліктер үш тәулік бойы кезек күтеді. Бұл туралы RBC жазды.
Басылым мәліметінше, бұған дейін бар болғаны 10 минутқа созылатын тексеру енді 72 сағатқа созылып кетті. Ресейден келетін жүктің 99%-ы мұқият тексеріліп жатыр.
RBC дерегінше, қазір Петухово — Жаңа Жол, Бугристое — Қайрақ және Веселоярск — Ауыл шекара бекеттерінде жүк көліктері кезек күтіп тұр. Басылым «Скиф-Карго» коммерциялық директоры Михаил Коптевтің мәліметіне сүйенген. Мәселен, Бугристое — Қайрақ кеден өткелінде Қазақстанның электронды кезегі дұрыс жұмыс істемейді. Апта бұрын кезекке тұрған компаниялар соның салдарынан тізімнің ең соңына түсіп қалып жатыр. Олар қайдан тіркелуге мәжбүр деп жазды басылым.
Шекара бекетінде бір күн жоғалтқан жүк көліктері орташа есеппен 20-25 мың рубль шығынға ұшырайды. «АвтоГрузЭкс» оны айтарлықтай шығын деп атаған.