Тоқаев Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тоқаев
Қайрат Садықов Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады. Бұл орынға Қайрат Әнуарбекұлы Садықов тағайындалған. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін экс-министр Руслан Жақсылықовтың орнына  Қорғаныс министрі болып Дәурен Қосанов тағайындалған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз