Changan CS55 Plus 4%-дың арқасында үздік төрттікке ілінді. Модель несімен ерекше

Бүгінде автодилерлер нарыққа не керектігін әбден ұғып алғандай. Бірінен кейін бірі төмен пайызбен несие бағдарламаларын іске қосуда. Бұл трендке ертерек ілескендер сатылым биігінен көрініп жатыр. Мамыр айында бұл қатардан Changan да табылды.
Мамырда Changan топ төрттікке ілінді. Сатқан темір тұлпарларының жартысынан астамы – CS55 Plus кроссовері. Бәсекелестерінен арзанырақ, келбеті кем түспейтін модель төменгі пайызбен берілетін несиенің арқасында тіптен тартымды бола түсті.
Бүгінде аталған модельдің төменгі жиынтығының құны 12 490 000 теңгеден басталады. Максимал жиынтығына белгіленген прайс – 13 990 000 теңге.
Көліктің 50%-ын құйып, 4,1%-бен 7 жылға дейінгі мерзімге несие рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Айлық төлем 85 мың теңгенің айналасында шығады.
Егер көлік құнының 20%-ын салса, айлық төлем 134 мың теңгені құрайды.
Changan CS55 Plus несімен тартымды
Толық жарықдиодты оптика, артқы есікке орнатылған спорттық спойлер, хромдалған радиатор торы, 19 дюймдік дискілер автоның ажарын ашады.
Капот астына роботтандырылған беріліс қорабымен жұмтасатын 1,5 литрлік турбоқозғалтқыш қойылған, қуаты 181 ат күші. Ресми сипаттамада 100 шақырымға небәрі 5,9 литр жанармай жұмсайтыны жазылған. CS55 Plus бәсекелестеріне қарағанда азырақ ақшаға көбірек опция ұсынады:
Ақылды қауіпсіздік жүйесі
- Адаптивті круиз-бақылау – көлік ағынына бейімделіп, қашықтықты автоматты түрде сақтайды;
- Жолақтан шығу туралы ескерту жүйесі – көлік жолақ шегінен шыққанда жүргізушіні хабардар етеді;
- Алдыңғы соқтығыс туралы ескерту жүйесі – алда келе жатқан кедергіні анықтап, қауіптің алдын алады;
- Жолақтың ортасында ұстау жүйесі – көлікті орталық сызық бойында тұрақты ұстайды;
- Жаяу жүргіншіні тану функциясы бар автоматты тежегіш – қажет жағдайда өздігінен тоқтайды.
Сандық технологиялар мен мультимедиа
- 12,3 дюймдік түсті сенсорлы дисплей (Apple CarPlay қолдайды);
- Pioneer акустикалық жүйесі – 6 динамик арқылы жоғары сапалы дыбыс береді;
- 10 дюймдік цифрлық аспаптар панелі;
- 360° шолу жасайтын камералар жүйесі;
- 720p кіріктірілген видеотіркегіш;
- Климат-бақылау және ауа ионизациясы;
Жайлылық пен интерьер
- Былғары салон;
- Қыстық пакет;
- Панорамалық төбе мен люк;
- Электрлі реттелетін жүргізуші орындығы;
- Анатомиялық орындықтар
Бұған дейін, көптің көңілінен шыққан Changan cs55 Plus сыртқы дизайнын өзгерткелі жатқанын хабарлағанбыз.