«Тамаша жетілік» көшбасшылығынан кейін қандай акциялар өсуге дайын

Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы

2025 жылдың басында түзетуден кейін нарықтың 20%-дан астамы қалпына келуіне қарамастан, денсаулық сақтау секторы, әсіресе биотехнология көлеңкеде қалып отыр. Бұл ұзақ мерзімді инвестициялар үшін мүмкіндіктер туғызады: қалыпты мультипликаторлар, бизнес моделдерін тұрақтандыру, M&A-ға (Mergers and Acquisitions) деген қызығушылықты қайтару және клиникалық прогресс қайта бағалау үшін қолайлы аяны қалыптастырады.

2021 жылдан бері биотехнологиялық сектор кең нарықпен салыстырғанда нарықтық бағалаудың әлдеқайда төмен болуына қарамастан одан әрі қысымға ұшырауда : XBI индексінің P/E коэффициенті S&P 500 және Nasdaq 25-30-ға қарағанда шамамен 15-ті құрайды. 2020-2021 жылдары пандемия аясында вакциналар, терапиялар мен диагностикалық шешімдерді әзірлеуге қызығушылық артып, инвестициялар ағыны байқалды, бұл, әсіресе, расталған кірісі мен мақұлданған препараттары жоқ шығынды компаниялар сегментінде сектордың қызып кетуіне әкелді.

Мөлшерлеменің өсуімен 2022 жылы капиталды қажет ететін жобалардың тартымдылығы ерте сатыда төмендеді, ал инвесторлар тұрақтырақ және тиімдірек секторларға ауысты. Бұрын салаға қолдау көрсеткен M&A-дағы белсенділік те қысқарды. Бірқатар компанияның тартымды бағалаулары мен көрсеткіштерінің жақсаруына қарамастан, қолайсыз макроорта мен технологиялық ралли мен Mag-7 компанияларына қызығушылық салдарынан биотехнологиялық сектор уақытша назардан тыс қалды.

Төменде «сатып алу» (BUY) рейтингі бар бес биотехнологиялық компания ұсынылған, олар инвестициялық үйлердің пікірінше жақсы өсу әлеуетіне ие.

Argenx SE (ARGX) – аутоиммундық және сирек кездесетін аурулар үшін антиденелер мен терапиялар әзірлейтін бельгиялық компания. Талдаушылар алдағы 3 жылда кіріс пен пайданың өсу қарқынының сақталуын күтуде. Орташа мақсатты баға – 750 АҚШ доллары, өсу әлеуеті 30%-дан астамды құрайды.

Баға белгілеудің одан әрі өсуінің негізгі факторлары:

  • Жаңа VYVGART дәрілік препаратының жетекші жағдайы. АҚШ, ЕО және Жапонияда мақұлданған аутоиммунды ауруларды емдеуге арналған Vyvgart блокаторының арқасында компания тұрақты коммерциялық табысқа қол жеткізді: өткен жылы сату 2,2 млрд АҚШ долларынан асты.
  • Терапиялық әлеуетті кеңейту. Компания Vyvgart препаратын бұғаттай алатын аутоиммунды аурулардың тізімін кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеуде.
  • Ірі ойыншылармен ынтымақтастық. Компания AbbVie сияқты компаниялармен серіктестік шарттар жасасады және ресурстар мен нарықтарға қол жеткізуді күшейтеді.
  • Географиялық және коммерциялық экспансия. 10 000-нан астам пациент бүкіл әлем бойынша Vyvgart терапиясын алуда, жыл сайын пациенттер санының 30-40% өсімімен сату арнасы кеңеюде.
  • Қаржылық орнықтылық және пайдалылық. 2024 жылы кірістілікке шыққаннан кейін компания тұрақты көрсеткіштерге ие: 2025 жылдың І тоқсанында пайда – акцияға шаққанда 2,42 АҚШ доллары, түсімнің өсуі – 91%-ға YoY.
Соңғы 18 айдағы ARGX акцияларының серпіні. Дереккөз – gurufocus.com

Natera, Inc. (NTRA) – инвазивті емес генетикалық диагностикадағы көшбасшы, обыр және трансплантаттар мониторингіне маманданған. Түсім жылына 15% -дан жоғары өсуде, 2027 жылға қарай кіріске шығу күтілуде. Талдаушылардың компанияға деген көқарастары оң, орташа мақсатты баға 201 АҚШ доллары, өсу әлеуеті – 21%-дан астам.

Бизнестің өсуінің негізгі факторлары:

  • Инвазивті емес диагностикадағы көшбасшылық. Компания Panorama флагмандық өнімін қоса алғанда, инвазивті емес пренаталдық тесттер (NIPT) саласында жетекші орындарда.
  • Қатерлі ісік мониторингінің бірегей технологиясы. Ең төменгі қалдық ауруды (MRD) бақылауға арналған жеке тест болып табылатын Signatera өнімі онкологияда технологиялық серпіліс болды және ерте кезеңдегі қайталануларды анықтауға мүмкіндік берді.
  • Трансплантология нарығына шығу. Органдарды қабылдамау мониторингіне бағытталған Prospera тесттер сериясы компанияның трансплантациядан кейінгі бақылау сегментіндегі позициясын нығайтты.
  • Стратегиялық серіктестік арқылы өсу. Компания өзінің ықпалын ірі госпитальдармен және зертханалармен келісімдер арқылы белсенді түрде кеңейтеді, сондай-ақ өзінің Constellation диагностикалық платформасын дамытады.
  • Клиникалық валидтілік және мақұлдау фокусы. NTRA клиникалық зерттеулерге және дәлелді базаға дәйекті түрде инвестициялап, бұл медициналық қоғамдастықтың сенімін нығайтады.
Соңғы 18 айдағы NTRA акцияларының серпіні. Дереккөз – gurufocus.com

BeOne Medicines Ltd. (ONC) – қатерлі ісікті емдеудің инновациялық әдістерін әзірлейтін жаһандық онкологиялық компания. Алдағы 12 айда кіріске шығады деп күтілуде және 2025 жылы 5 млрд АҚШ долларынан астам кіріс күтілуде. Күтілетін P/E коэффициенті 47. Талдаушылардың орташа мақсатты бағасы – 333 АҚШ доллары, өсу әлеуеті 27%-дан астам.

Соңғы 18 айдағы ONC акцияларының серпіні. Дереккөз – gurufocus.com

Акциялардың өсуінің негізгі факторлары:

  • Қатерлі ісік жасушаларының таралуын баяулатуға ықпал ететін бірегей препараттар. Компания Narazaciclib бірегей ингибиторын белсенді дамытуда, ол преклиникалық модельдерде елеулі түрде ісікке қарсы әсерін көрсетіп, қазіргі аналогтардан асып түсуде және қазір АҚШ пен Қытайда I/II фазасын монорежимде өтуде.
  • Иммундық таргеттермен синергия. Клиника алдындағы мәліметтер көрсеткендей, Narazaciclib ibrutinib сияқты препараттардың әсерін күшейтіп, бұл лимфомалар кезіндегі құрамдастырылған терапиялық тәсілдерді уәде етеді, бұл әлеуетті көрсеткіштер спектрін кеңейтеді және фармррыноктағы құндылықты күшейтеді.
  • Серіктестік және геолицензиялау. Онкологияға қарсы күрес жетекші эксперименттік орталықтармен бірлесіп жүргізіледі: Бірегей лицензияларды қамтамасыз еткен HanX (Қытай) және STA (Австралия/Жаңа Зеландия).

Neurocrine Biosciences Inc (NBIX) – неврологиялық және нейропсихиатриялық бұзылулар үшін терапия әзірлейтін биофармацевтикалық компания. Компания тиімді және пайда мен түсімнің екі мәнді өсу қарқыны бар. Талдаушылардың орташа мақсатты бағасы – 160 АҚШ доллары, өсу әлеуеті 30%-дан астам.

Соңғы 18 айдағы NBIX акцияларының серпіні. Дереккөз – gurufocus.com

Акциялардың өсуінің негізгі факторлары:

  • FDA-ның Crenessity жаңа препаратын мақұлдауы. 2024 жылдың соңында туа біткен гиперплазияны емдеу үшін FDA Crenessity мақұлдағаннан кейін 2025 жылдың І тоқсанында ол 413 жаңа пациентпен және сақтандыру компанияларының шығындарын 70% өтеумен 15 млн АҚШ доллары көлемінде кіріс әкелді. Сарапшылар 2025 жылы сату 124 млн АҚШ доллары, ал ұзақ мерзімді перспективада 800 млн АҚШ доллары – 1,5 млрд АҚШ долларынан асады деп күтуде.
  • Ingrezza флагмандық препараты сатылымның айтарлықтай өсуін көрсетуде. Препарат кеш дискинезияны емдеуге арналған және 2025 жылдың І тоқсанында $545 млн және 2025 жылға 2,5 АҚШ доллары- 2,6 млрд АҚШ доллары сатылым өсімін көрсетіп отыр.
  • Күшті операциялық және қаржылық база. Компания 1,8 млрд АҚШ доллары қолма-қол ақшаға ие, бұл R&D (Research and Development) және әлеуетті M&A-ға инвестициялауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жақында 300 млн АҚШ долларына акцияларды сатып алу аяқталып, 500 млн АҚШ долларына дейін кері сатып алудың жаңа бағдарламасы іске қосылды, бұл EPS-ті (акцияға шаққандағы пайданы) нығайтып, стратегияға деген сенімді көрсетеді.
  • Көшбасшылық және тауашалық сегмент. Ingrezza және Crenessity – өз санатындағы флагмандық препараттар, бұл нарықта мықты позицияларды орнатуға мүмкіндік береді.

BioMarin Pharmaceutical Inc (BMRN) – сирек кездесетін генетикалық аурулар үшін терапия әзірлейтін биотехнологиялық компания. Пайда мен түсімнің өсуін сақтайды, Forward P/E 13.

Соңғы 18 айдағы BMRN акцияларының серпіні. Дереккөз – gurufocus.com

Акциялардың өсуі үшін негізгі факторлар келесілер болуы мүмкін:

  • VOXZOGO препаратының жедел коммерциялық өсуі. Ахондроплазияны емдеуге арналған препарат қарқын алуды жалғастыруда: 2024 жылы кіріс 56%-ға – 735 млн АҚШ долларына дейін өсті және 2027 жылға дейін орташа жылдық өсу қарқыны 25% -дан жоғары болады деп күтілуде. Препарат географиясын белсенді түрде кеңейтіп, қазірдің өзінде 47 елде қолжетімді, ал 2027 жылға қарай 60-тан астам нарыққа шығуды жоспарлап отыр.
  • Шоғырланған және тиімді R&D-пайплайн. Компания қазіргі уақытта бюджетті оңтайландырып, ресурстарды неғұрлым болашағы бар препараттарға шоғырландыру үшін перспективалы емес жобаларды жабады.
  • Операциялық тиімділік және қаржылық орнықтылық

2024 жылы жалпы кіріс 18%-ға – 2,85 млрд АҚШ долларына дейін өсті, операциялық маржа 31%-дан асты. Компания 2026 жылға қарай маржаны 40%-ға дейін жеткізуге ұмтыла отырып, шығындарды белсенді түрде қысқартуда.

  • Жаһандық экспансия және көшбасшылықты нығайту. BioMarin өзінің жаһандық желісін кеңейтіп, 80-нен астам елде жұмыс істейді. Бұл компанияның сирек кездесетін аурулар нарығының көшбасшыларының бірі ретіндегі позициясын нығайтады.

Биотехнология секторы бұрынғысынша жоғары құндылық құра отырып және өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартуға ықпал ете отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі болып қала береді. Осыған қарамастан, пайыздық ставкалардың жоғары деңгейі мен жалпы макроэкономикалық фонды қоса алғанда, ағымдағы нарықтық жағдайлар сектордың серпініне тежеуші ықпал етеді.

Дегенмен биотехнологиялық компаниялар ұзақ мерзімді инвестициялар үшін әлеуетті тартымды бағыт болып қалып, белсенді дамуын жалғастыруда. Саладағы ірі компанияларға қатысты жетекші инвестициялық үйлердің талдамалық бағалауы оң сипатын сақтап отыр. Атап айтқанда, XBI салалық биржалық қоры бойынша (АҚШ-тың биотехнологиялық секторының серпінін қадағалайтын негізгі ETF-тің бірі) талдаушылардың орташа нысаналы бағасы шамамен 140 АҚШ долларын құрайды, бұл ағымдағы деңгейлерден 65%-дан астам өсу әлеуетін болжайды.