Freedom Bank кэшбегін банк қосымшасындағы салық есебінде көрсетуге болады

Freedom Bank клиенттері 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін салық декларациясын электронды түрде Freedom SuperApp қосымшасында тапсыра алады. Банк өкілдерінің айтуынша, кіріс автоматты түрде есептеліп және қажетті формада дайын болады
«Бұл клиенттерімізге декларацияны барында жеңіл тапсыруына мүмкіндік береді, яғни қосымша сервис пайдаланудың қажеті жоқ», – деп мәлімдеді Freedom Bank.
Сондай-ақ, банк Freedom инвестициялық валютасы туралы еске салды. Бұл – клиенттерге сауда-саттық жасағаны үшін кэшбэк ретінде берілетін биржалық нота (ETN). Аталған қаржы құралы Астана халықаралық биржасында (AIX) саудаланады. АХҚО заңнамасына сәйкес, ETN бағалы қағаз саналады және кез келген басқа бағалы қағаз сынды декларацияда көрсетілуі тиіс.
ETN – бұл биржада акция секілді саудаланатын, бірақ нақты бір индекс немесе стратегияның табыстылығын көрсететін борыштық бағалы қағаз.
Freedom Bank атап өткендей, ETN-нан түскен кіріс салықтан босатылады, себебі бұл қағаздар AIX биржасының ресми тізімініне енген.
Сәйкесінше, қазақстандықтар салық төлеуге міндетті емес – тек арнайы декларация формасын толтыру жеткілікті.
Бұған дейін Freedom SuperApp қосымшасына 2025 жылдың соңына дейін криптоактивтерді сатып алу және сату мүмкіндігін қосу жоспарланып жатқаны хабарланған.
Freedom Bank – Freedom Holding Corp.-қа тиесілі. Оның негізін қалаған және негізгі акционері – Тимур Турлов. Холдинг тек банк қызметін ғана емес, сондай-ақ Freedom Broker (KASE мүшесі), Freedom Finance Global (AIX мүшесі), Freedom Insurance және Freedom Life брендерімен брокерлік және сақтандыру қызметтерін де ұсынады. Сонымен қатар, холдингтің Қазақстанда басқа да көптеген компаниялары бар.