Таяу Шығыста жүрген қазақстандықтар эвакуцияланып жатыр

Таяу Шығыста жүрген отандастарымыз елге қайтарылып жатыр. Сыртқы істер министрлігі эвакуциялау барысы туралы жария етті.
«Эвакуациялық іс-шараларды дайындау және өткізу барысында қазақстандық дипломаттар тәулік бойы жергілікті билікпен іс-қимылды үйлестірілді. Маршруттардың логистикасын қамтамасыз етті», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар министрлік құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасап, Қазақстан азаматтарына қолдау көрсеткен.
Қысқа уақыт ішінде 200-ден астам қазақстандық Таяу Шығыстан кеткісі келетінін айтып хабарласқан. Олардың бәріне көмек көрсетілген.
«Ирандағы барлық қазақстандықтармен үздіксіз байланыс орнатылды. Олардың алдын ала келісілген транзиттік бағыттары бойынша жүріп-тұруы ұйымдастырылды», – дейді СІМ баспасөз қызметі.
Министрліктің айтуынша, елге қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қазақстандықтар Израильден де эвакуацияланбақ.
Сыртқы істер министрлігі бұдан бұрын Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған еді.