Ресей еліне кіруді шектегеннен кейін Қазақстан қарсы жауап қайтара ма

Кремль Ресейге кіруді шектегеннен кейін Қазақстан қарсы жауап қайтаруы мүмкін. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.
Журналистер министрге Қазақстан Ресей азаматтарының елге келуіне қатысты шаралар қабылдай ма деген сұрақ қойды.
«Шаралар қабылданып жатыр. Біз халықаралық тәжірибеге қараймыз. Бірінші кезекте ұлттық мүдде ескерілуі керек», – деп жауап берді министр.
Оның сөзінше, шешім қабылдайтын кезде өзге елдердің тәжірибесі және ұлттық заңнама ескеріледі.
Еске салайық, көктемде Ресей шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, соның ішінде Қазақстан азаматтарының визасыз кіруіне қатысты талаптарды өзгертті.
Нақты айтқанда, Қазақстан азаматтары (оның ішінде кәмелетке толмағандар менәрекетке қабілетсіз тұлғалардың заңды өкілдері) Ресейге бармас бұрын кемінде 72 сағат бұрын электронды өтініш толтыруы қажет.