Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бекзат Саттарханов атындағы көпфункционалды спорт кешені / фото: Ақорда
Бекзат Саттарханов атындағы көпфункционалды спорт кешені / фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада жаңадан салынған Бекзат Саттарханов атындағы көпфункционалды спорт кешенінің жұмысымен танысты.

Бұл нысан жеке инвестордың қаржысына биыл пайдалануға берілген болатын.

Кешенде әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және бос уақытты тиімді өткізуге арналған бағдарламалар өткізіледі.

Спорт нысаны аумағында футзал, волейбол, баскетбол алаңдары және бокс, дзюдо, қазақ күресі сияқты спорт түрлеріне арналған жекпе-жек залдары бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту үшін ел аумағында осындай спорт кешендерін көптеп салу қажет екенін атап өтті. Президент жас боксшылар мен футболшылармен әңгіме барысында оларға болашақта әлем және Олимпиада чемпиондары болуды тіледі.

– Бұл үшін ең алдымен тынымсыз еңбектену керек. Тек еңбекқорлық қана жеңіске жеткізеді, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз